Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды техникалық мамандарды дайындауға атсалысуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды техникалық мамандарды дайындауға атсалысуға шақырды

Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды техникалық мамандарды дайындауға атсалысуға шақырды

АСТАНА. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды техникалық мамандарды дайындауға атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 8 Желтоқсан 2006
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Біз әр жыл сайын нысандарда кәсіби жұмысшылар мен техникалық мамандардың жеткіліксіздігін сезінеміз. Қазақстанда әрбір төртінші адам ғана қазірде тапшылығы сезініп отырған техникалық және ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша білім алуда. Экономиканың ағымдағы сұраныстарн қанағаттандыру үшін бұл мүлдем жеткіліксіз»,- деді президент Қазақстандағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 16-шы жалпы отырысында бүгін сөйлеген сөзінде.

Қажетті мамандар жоқ немесе орлардыі біліктілігі төмен дегенді желеу ететін шетелдік компаниялар жұмыс күшін шетелдерден көптеп тартуға ден қойды, деді мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, кейінгі 6-7 жылда Қазақстанға жұмысқа шақырылған шетелдік мамандардың саны бірнеше есе өскен.

«Егер 2000-жылы бұл сан 10 мың адамды құраса, ағымдағы жылдың 9 айында бұл сан 30 мыңға жетті»,- деді президент. «Шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігін техникалық және қызмет көрсетуші мамандар құрайды», деді ол.

«Сонда қазақстандықтарға қалатыны ең ауыр әрі жалақысы ең төмен жұмыстар болғаны ғой. Өз жұмысшыларымызға жалақы төлеудегі алалаушылықтар осыдан келіп туындауда. Бұған мүлдем жол берілмейді»,- деді президент.

«Шетелдік компаниялар қазақстандық мамандарды қайта оқыту мен кәсіби біліктілігін көтеруді мақсат етіп қоюға тиіс»,- деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы «артынан міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен мамандарды дайындаудың келісім-шарттық түрі қарастырылған арнаулы тетік енгізу қажет» деген ұсыныс жасады.

«Бұл мүлдем оңай тәсіл: жұмыс беруші оқу орнына қаржылай көмек көрсетеді, ал ол өз кезегінде компанияларға студенттерді артынан міндетті түрде осы кәсіпорынға бөлуге кепілдік береді»,- деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта