«Малайзияның «Measat-3″ ғарыштық аппаратын ұшыруға дайындық жұмыстарының қорытынды кезеңін бастау туралы шешім мемлекеттік комиссияның отырысында кеше кешке қабылданды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Протон-М» зымыран-тасығышы жергілікті уақытпен 7 сағатта 92-1 -ші алаңның монтаж-сынақ корпусынан шығарылып, зымыран тасығыштың басжақ бөлігі, «Measat-3» ғарыштық аппараты мен «Бриз-М» үдеткіш блогын толық құрастыру жұмыстары жүргізіліп, артынан ол 200-ші алаңның «ұшыру үстеліне» тікесінен -тік орнатылды.
Қазір М.Хруничев атындағы орталық мамандары зымыран тасығыштың жүйелері мен ұшыру кешенінің жүйелерін бірінші ұшырылым күнгі кесеге сәйкес тексеруге кірісті.
«Measat-3» ғарыштық аппаратын жер орбитасына шығаратын «Протон-М» зымыран тасығышы мен «Бриз-М» үдеткіш блогы 12-желтоқсанда Астана уақытымен 5 сағат 28 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының 200-алаңынан ұшырылады деп межеленген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «MeaSat-3» ғарыштық аппаратын «Boeing» компаниясы Малайзияның «Binariang Satellite Systems Sdn. Bhd.» спутниктік байланыс операторына арнап жасаған.
«MeaSat-3» телекоммуникациялық жер серігі Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Азия және Австралия тұтынушыларына қызмет көрсетуге арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті