Семейде жол жүру билеті қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жол жүру билеті қымбаттайды

Семейде жол жүру билеті қымбаттайды

СЕМЕЙ . 11 желтоқсан. Kazakhstan Today. Семейде 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалалық қоғамдық көліктерде айлық жол жүру билеті қымбаттайды. Бұл жөнінде журналистерге жолаушы тасымалы басқармасы орталығының бас инженері Сергей Крокус хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2006
  • 460
Фото - Caravan.kz

С. Крокустың айтуынша, жол жүру тарифтерін көтеру туралы шешім қалалық жолаушы тасымалдаушылардың бірлескен отырысында қабылданған. Қыркүйек айында жанар- жағар май бағасының қымбаттауынан қоғамдық көліктерде жүру ақысы 5теңгеге қымбаттады. «Соған сәйкес,айлық жол жүру билеттері де қымбаттауы тиіс еді, бірақ біз бұл мәселені кейінге қалдырдық», деді ол. «Қазіргі сәтте жол жүру билеті 1,5 мың теңге тұрады, ал жаңа жылдан бастап 2 мың теңге болады»,- деп атап өтті С.Крокус.

Жол жүру билеттерін қымбаттату арқылы жолаушы тасымалдаушылар өздерінің шығындарын толтырмақшы. «Әр ай сайын семейліктер 6 мыңдай жол жүру билетін сатып алады. Осылайша, жолаушы тасымалдаушылар жанар жағар май мен қосалқы бөлшектер шығынын жабады»,-деді ол.

С.Крокустың айтуынша, Семейде қоғамдық көліктерде жол жүру ақысының өсуіне қарамастан, Қазақстан бойынша ең төмен болып тұр. «Өскеменде жол жүру билетінің бағасын үш мың теңгеге дейін қымбаттатқан»,- деп атап өтті С.Крокус.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта