Аталған мәжілістер жұмысы барысында Кеңес хатшылығының 2007 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау шеңберінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының Сенім шаралары каталогын экономикалық, экологиялық және гуманитарлық өлшемдерде, сондай-ақ жаңа сындар мен қауіп-қатерлермен күресу саласында орындау жөніндегі ұсыныстарды пысықтау жоспарлануда. Бұған қоса, тараптардың ескертулерімен ұсыныстары еңгізілген » Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы хатшылығының құқық қабілеті, артықшылықтары мен имунитеттері туралы» конвенцияның және » Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы хатшылығының қаржылық ережелері жөніндегі» жобалар қарастырылады деп күтілуде.
Мәжілістер жұмысына ұйымға мүше елдердің , бақылаушы мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.