«Менің айтарым, біз осы іске қатысты ІІМ жасаған барлық амалдарына қанағаттанамыз»,-деді мәжіліс соңынан кейін Е.Абылқасымов. «Әрине, мен тәптіштеп бәрін жария ете алмаймын, бірақ Ибрагимов пен Өтембаевтың кінәларын айғақтайтын дәлелдер сенімді материалдармен көрсетілді»,-деді депутат. «Өз басым бұл шындыққа жанасады деп кез-келген жерде айта аламын»,-деді ол.
Сонымен қатар, ол «Сәрсенбаевтың өліміне» қатысты сотталғандардың ісінің дәлелденгені туралы мәселені үкімет сағатында өзі көтергенін айтты. «Әрине күдік болды, сондықтанда мен осы мәселені алға тарттым»,-дейді депутат.
Е. Әбілқасымов: «Заманбек Нұрқаділовтың өлу процесі егжей тегжейлі айтылды»,дейді. «Оқиға орнында жасалған сараптаманың қорытындысы бойынша жасалған ақтық шешімге сәйкес, алдыңғы екі мәрте атылған оқ жүрегіне тимеген, олар жастық қойып атқаннан кейін 9-11 қабырғаларының арасынан өтіп шығып кеткен»,-деді Е.Әбілқасымов. «Мен дәрігер ретінде айтарым, алдыңғы екі оқ аса маңызды органдарға тиген жоқ»,- деді ол.
Депутаттың пікірінше, «бұл ретте ешқандай сауал да, күдік те жоқ, оқиға егжей-тегжейлі қарастырылған».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті