Мәскеуде Кеден қызметі жетекшілерінің 31 мәжілісі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Кеден қызметі жетекшілерінің 31 мәжілісі өтті

Мәскеуде Кеден қызметі жетекшілерінің 31 мәжілісі өтті

МӘСКЕУ. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today. Мәскеуде Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті жанындағы кенден қызметінің жетекшілері 31-ші мәжілісте бас қосты. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінен хабарлайды.

  • 12 Желтоқсан 2006
  • 382
Фото - Caravan.kz

Кеңес жұмысына ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота, ҚР қаржы министрлігінің кендендік бақылау комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров қатысты.

Мәжілісте ЕурАзЭҚ кеден қызметтерінің алдында тұрған алты мемлекеттің ықпалдасуы мен одан әрі тоғысуына қатысты ең маңызды мәселелер талқыланды. Олар негізінен ДСҰ шеңберіндегі әлемдік сауданы жеңілдету және қауыпсіздіктің негіздемелік стандарттарын енгізуге байланысты мемлекетаралық мақсатты бағдарламаны дайындау жайы қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар мемлекеттік шекара арқыды тасымалданатын тауарлар мен көліктер туралы алдын-ала ақпарат алмасу мүмкіндігі, ЕуАзЭҚ кеден қызметтерін ақпаратты-техникалық жаңарту Ұлттық жобаларын дайындау барысындағы қызметті реттеу жайттары қарастырылды.

ЕуАзЭҚ кеден қызметі жетекшілерінің кеңес қауымдастыққа мүше -мемлекеттерде болып жатқан тоғысу процесстерін жақсартуға бағытталған бірқатар шешім қабылдады. Бұл туралы елшіліктің хабарламасында көрсетілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта