Семейдің үш әскери бөлімшесінде 27 млн. теңгені құрайтын бюджет қаржысы жымқырылғандығы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің үш әскери бөлімшесінде 27 млн. теңгені құрайтын бюджет қаржысы  жымқырылғандығы анықталды

Семейдің үш әскери бөлімшесінде 27 млн. теңгені құрайтын бюджет қаржысы жымқырылғандығы анықталды

СЕМЕЙ. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Семейдің үш әскери бөлімшесінде 27 млн. теңгені құрайтын бюджет қаржысы жымқырылғандығы анықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасының тергеу бөлімінің бастығы Серік Қожабеков хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2006
  • 365
Фото - Caravan.kz

«Бір әскери бөлімшеде 9 млн. теңге, екіншісінде 8,5 млн. теңге, ал үшінші бөлімшеде 9,5 млн. теңге жымқырылған. Күдіктілер барлығы 25 млн. теңге жымқырған»,- деп хабарлайды С.Қожабеков.

«Бақылаудың жоқтығы мен әскери бөлімшені басқарудағы кейбір селқостылықтарды пайдалана отырып, қаржы қызметінің есепшілері мен қызметкерлері ұзақ уақыт бойы ақша жымқырып отырған. Қаржыны өздерінің туысқандарының немесе Қарулы күштерден баяғыда байланыстарын үзген әскери қызметкерлердің есебіне аударып отырған», — деп түсіндіреді С.Қожабеков.

Оның ақпаратына сүйенсек қазіргі уақытта әскери бөлімшешінің қаржы қызметінің алты қызметкеріне қатысты 176-бап бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалды. «Алдын ала тергеу жүргізілгеннен кейін іс сотқа жіберіледі», — деп қосты ол.

Ағымдағы жылдың басынан бері Семей қаласының әскери-тергеу басқармасы 24 қылмыстық іс қараған, олардың 15 әскери сотқа жіберілді. «Олар негізінен әскери қылмыстар, ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстары да бар»,- деді С.Қожабеков.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта