Индустрия министрлігі жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер телімін құрылыс аяқталғанға дейін жеке меншікке беруге қарсы - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индустрия министрлігі жеке тұрғын үй құрылысына  бөлінген жер телімін құрылыс аяқталғанға дейін жеке меншікке беруге қарсы

Индустрия министрлігі жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер телімін құрылыс аяқталғанға дейін жеке меншікке беруге қарсы

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Индустрия және сауда министрлігі жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер телімін құрылыс аяқталғанға дейін жеке меншікке беруге қарсы деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2006
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Біз өкілетті орган ретінде бөлінген жер телімін артынша сатып алуға қарсымыз»,- деп хабарлады бүгінгі семинарда индустрия және сауда министрлігінің құрылыс ісі бойынша комитетінің бастығы Сейітжан Смағұлов. «Біздің ұстанымымыз тұрғын үйді қабылдау актісі рәсімделгеннен кейін ғана сатып алуға рұқсат беру»,-деп түсіндірді ол.

С.Смағұловтың пікірінше мұндай шаралар жер телімдеріне қатысты алыпсатарлыққа жол бермейді.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылдың 1 тамызындағы үкімет бекіткен жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер телімдеріне құқық беру ережелеріне сәйкес, республикамыздың әрбір азаматы өз меншігіне тұрғын үй құрылысы үшін 0,1 га жерді тегін алуға құқылы. Сондай-ақ, ережеде жеке тұрғын үй құрылысына жер телімі қайталап тегін берілмейтіндігі көрсетілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта