Алматы мен Таразда жеті адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Таразда жеті адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды

Алматы мен Таразда жеті адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматы мен Таразда жеті адам, соның ішінде бес бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2006
  • 300
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Алматының Әуезов ауданы Шаңырақ ықшам ауданында жеке меншік үйде көмір жағатын пешті пайдалану ережелерін бұзуға байланысты үш адам, соның ішінде бір жас шамасындағы бала мен 9 жасар ұл уланды. Олардың бәрі бүгін таңертең ауруханаға жеткізілді.

Ал Таразда Сатыбалдиев көшесіндегі жай үйде 7, 12 және 13 жастағы үш бала мен 31 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды. Улану себебі тағы сол — көмір жағатын пешті дұрыс пайдаланбау.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта