«Іс қағаздарын жаппай қазақ тіліне аударуда басқа ұлт өкілдерінің құқығын сақтау қажет»,- деді президент.
«Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру секілді шараларды бір жақты ұғынуға болмайды. Іс қағаздары қазақ тіліне көшіріледі деген сөз құжат айналымы екі тілде — орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі дегенді білдіреді»,- деді Н.Назарбаев.
Елбасының айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің 20 процентке жуығы — қазақ емес ұлттардың өкілдері. Олардың басым бөлігі, президенттің айтуынша, мемлекеттік тілді жеттік меңгерген.
«Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда тұратын 6 млн. азшыл ұлттар өкілдерінің 1,5 миллионға жуығы қазақ тілін біледі»,- деді президент.
Н.Назарбаев келесі жылға арналған бюджетте мемлекеттік тілді дамытуға 2 млрд. 700 млн. теңге қарастырылғанын еске сала кетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті