«Заң жобасын қабылдаудағы басты мақсат — жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға жеке өтініш жасауға құқық беру, сонымен қатар жеке және ұжымдық үндеулерді мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін өзі басқару органдарына бағыттау. Оған қоса, заң жобасы келіп түскен өтініштерді дер кезінде және толық қаралуын, лауазым иелерінің жауапкершілігін қамтамасыз етуді, мемлекеттік орган қызметтерінінің ашықтығын және өтініштердің шынайы қаралуын көздейді»,-деді сәрсенбі күні пленарлық отырыста баяндама жасаған ҚР бас прокурорының орынбасары Мерей Ваисов.
Заң жобасында мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған заңды тұлғалардың міндеттері көрсетілген, сонымен қатар құзырындағы өтініштерге сәйкес лауазым иелерінің міндеттері бекітілген, сол бойынша тиісті шешім қабылдау , заңды және жеке тұлғаларға жеке қабылдау ұйымдастыру мәселесі айқындалған.
Заң жобасының ережелері бойынша құзыретті органдардың немесе лауазым иелерінің қабылдаған шешімдерімен заңды немесе жеке тұлға келіспейтін жағдай болса , олар бұл шешімдер бойынша жоғары құзырлы органдарға және сотқа қайта шағым түсіруге құқылы.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті