Мәжілісте мақұлданған Кеден кодексіне енгізілетін түзетулер сенатқа жолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте мақұлданған Кеден кодексіне енгізілетін түзетулер сенатқа жолданды

Мәжілісте мақұлданған Кеден кодексіне енгізілетін түзетулер сенатқа жолданды

АСТАНА. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2006
  • 388
Фото - Caravan.kz

Осыдан сәл ертерек заң жобасын мәжіліс алғашқы оқылымда мақұлдаған болатын.

«Заң жобасының басты мақсаты — кеден заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкестендіруге бағытталады»,- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған қаржы министрі Наталья Коржова.

Атап айтсақ, заң жобасымен тауарды шығарған елі анықталмаған жағдайда елге әкелінген тауардан кедендік баж салығын екі еселенген көлемде алу жөніндегі норма алып тасталды.

Бұған қоса шекара арқылы өтетін тауарлардың кедендік құны бойынша алдын-ала шешім беру жөніндегі тәртіп алынды.

Заң жобасы сенатқа жолданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта