2006 жылы қазан айында ҚР ақша көлемі 6,1% өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006 жылы қазан айында ҚР ақша көлемі 6,1% өсті

2006 жылы қазан айында ҚР ақша көлемі 6,1% өсті

АЛМАТЫ. 13 декабря. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2006 жылдың қазан айында банк жүйесіндегі ішкі таза активтердің өсуіне(жыл басынан бері 56,8%) байланысты ақша көлемі 6,1%- 3238,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Бұл жөнінде бүгін қаржы нарығындағы жағдайға орай өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2006
  • 442
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банктің ақпараты бойынша, қазан айындағы айналымда жүрген қолма қол ақша 3,9% — 529,4 млрд. тенгеге кеміген (жыл басынан бері 28,6% ұлғайған),ал банк жүйесіндегі депозиттер 8,3% — 2708,7 млрд. тенгеге дейін өсті (63,8% өскен). Есеп беру айындағы депозиттің қолма қол ақшаға қарағанда өсуі оның ақша көлеміндегі үлесін 82 пайыздан 83,7% дейін ұлғаюына ықпал етті.

Ағымдағы жылдың қараша айында Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің төмендеуіне ақша базасын 0,8%-1181,6 млрд.теңгеге дейін қысуы негіз болды(жыл басынан бері 78,2% кеңейтілген).Қысаң ақша базасы, яғни орталық банктегі екінші деңгейлі банктердің жедел депозиттерін есепке алмағанда, 0,3%-1097,7 млрд. теңгеге азайды (90,5% кеңейтілген).

Перейти к новостям спорта