Манас әуежайында болған ұшақтардың қақтығысына америкалық экипаж кінәлі -Азаматтық авиация департаменті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Манас әуежайында болған  ұшақтардың қақтығысына америкалық экипаж кінәлі -Азаматтық авиация департаменті

Манас әуежайында болған ұшақтардың қақтығысына америкалық экипаж кінәлі -Азаматтық авиация департаменті

БІШКЕК. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today. Манас әуежайында болған АҚШ әуе күштерінің ұшағы мен қырғыз Ту-154 жолаушылар лайнерінің қақтығысына америкалық экипаж кінәлі,-деп кеше өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан азаматтық авиация департаментінің директоры әрі оқиғаны тексеру комиссиясының басшысы Алик Аскаров мәлімдеді.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 484
Фото - Caravan.kz

Асқаровтың айтуынша, мұндай қорытынды Халықаралық авиациялық комитет мамандары жүргізген сараптама негізінде шығарылған. Оның айтуынша, америкалық КС-135 жанармай толтырғыш ұшақтың экипажы қонғаннан кейін диспечердің рұқсатынсыз ұшу жолын жартылай ғана босатып, аэронавигациялық шамдарын өшіріп тастайды.

«Әуе кемесінің экипажы бул туралы диспечерге хабарламай, ұшу ережесін бұзды»,-дейді департамент бастығы. «Әрі ол бұл туралы диспетчердің ұшақтың мекенжайы туралы сұрағынан кейін де тіс жармаған. Ал диспечер болса, бұл кезде ұшақ әлі де жылжып келеді деп ойлайды»,-деп түсініктеме берді Аскаров.

Оның айтуынша, Ту 154 лайнерінің экипажы жерден көтерілгенде КС-135 байқамаған. Өйткені қақтығыс түнде болған. Ал америкалық ұшақтың аэронавигациялық шамдары өшірулі болған.

«Бұл әрекетімен КС-135 ұшағы жерден көтерілген Ту 154 лайнеріне кедергі келтірді,-деп Асқаров түйіндеді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, оқиға биыл қыркүйектің 26-сы кешке Манас әуежайының ұшу алаңында болған. Ош -Бішкек -Мәскеу бағытыдағы Ту 154 жолаушылар лайнері жерден көтерілгенде америкалық жанармай толтырғаш ұшақты қанатымен қағып кеткен. Қырғыз ұшағының бортында 52 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Ту 154 апатты жағдайда қонады. Ал америкалық ұшақ сол арада жана бастағанымен, өрт дер кезінде өшіріледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта