Қазақстан Республикасының ДСҰ енуі ІЖӨ өсімін жылына орташа есеппен 4 пайызға жеткізеді - Әлемдік банк болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының ДСҰ енуі ІЖӨ өсімін жылына орташа есеппен 4 пайызға жеткізеді - Әлемдік банк болжамы

Қазақстан Республикасының ДСҰ енуі ІЖӨ өсімін жылына орташа есеппен 4 пайызға жеткізеді - Әлемдік банк болжамы

АСТАНА. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына енуі республиканың Ішкі жалпы өнімнің өсімін жылына орта есеппен шамамен 4 пайызға, ал ұзақ мерзімде шамамен 10 пайызға жеткізеді. Мұндай болжамды кеше "Қазақстанның ДСҰ енуі" атты "дөңгелек үстел" мәжілісінде Әлемдік банк сарапшысы Дэвид Тарр мәлімдеді,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 522
Фото - Caravan.kz

Сарапшының айтуынша, «оқиғаның өрбуіне қарай өзге де нәтижелер болуы мүмкін». Д.Таррдың пікірінше, ҚР ДСҰ енуінен кейін экономиканың бірқатар салаларында өнім өндіру көлемі төмендеп кетуі ықтимал, әрі ондағы жұмысшылар өзге салаларға /экспортқа бағытталған/ кетіп қалуы да ғажап емес».

«Алайда еңбек нарығында болатын өзгерістер бізді қорқытпайды. Өйткені мұндай ауытқуларды өз нарық аясын қалыптастырған көптеген елдер бастан кешірген. Бір орыннан екінші орынға көшуден жалпы жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі төмендемейді,-деп атап көрсетті ол. Егер үімет алдын- ала әлеуметтік шаралар қарастырып қойса, бұл мәселеның шешімі тез табылмақ,-дейді Д. Тарр мырза.

Сонымен қатар ол жұмыс күшінен өзге капиталдың да өзгеріске ұшырайтындығын еске салды. «Экспортқа бағытталған» кәсіпорындар курс айналымының төмендеуі және нарыққа өзге мемлекеттердің де қол жеткізу мүмкіндігінен пайда көрмекші»,-деп пікірін білдірді сарапшы. Оның болжамынша, республиканың ДСҰ енуі нәтижесінде » казақстандық экономиканың мұнай химиясы, темір өндіру сияқты салалары жетістіктерге жетіп жатса, керісінше, мыс өндірісі, көлік және кітап өндірістері ұтылыста қалу қауіптері бар.

Жалпы Д. Тарр Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына енуінен кейін жергілікті өндіруші пайда көреді деп санайды. Өйткені нарықтың ашық болуы шетелдік инвестицияға жол ашып, отандық компаниялардың негізгі капиталының өсуіне әкеледі. «Қазақстандық нарықтың өсуі телекоммуникациялық, банк, сақтандыру және көлік қызметтерінің жақсаруына жол ашып, бұл өз кезегінде шаруа жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызбақшы,-деп атап көрсетті ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта