Оның мәліметтерінше, кеше шамамен 17 сағатта Қраснокордон ормандығын аралау кезінде екі метрлік бес шырша тиеген, мемлекеттік нөмірлері жоқ «Урал» мотоциклі тоқтатылған.
Қолға түскен үш жас жігіт шыршаларды өздеріне және туыстарына кесіп алғандарын айтқан. Алайда біз ағаштардың сату үшін кесілгеніне күмәніміз жоқ,-дейді В.Синичкин.
Қазіргі кезде ұсталғандарға қатысты хаттама толтырып жатырмыз. Олар әкімшілік айыпқа тартылып, айыппұл төлейтін болады. Сондай-ақ шығын көлемі анықталып жатыр,-деді ол.
В. Синичкиннің айтуынша, биыл орман резерваты аумағында бұл осымен бірнеше қайталанған оқиға. Осыдан бір апта бұрын Жаңа Семей филиалында 22 қылқан жапырақты ағаш кесіп алған ер адам қолған түскен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті