Үкіметте өткен кеңесте елімізде ғарышты дамыту жобасы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте өткен кеңесте елімізде ғарышты дамыту жобасы талқыланды

Үкіметте өткен кеңесте елімізде ғарышты дамыту жобасы талқыланды

АСТАНА.14 желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Үүімет басшысы Даниал Ахметовтың басшылығымен өткен кеңесте елімізде ғарышты дамыту жобасы талқыға түсті,-деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 487
Фото - Caravan.kz

Атом энергетикасын дамытуға байланысты Қазақстан экономикасындағы жаңа бір бағыт жаңа ғарыштық жобаларды қарқынды жүзеге асыру болып табылады. Биыл біз тұңғыш «KazSat» байланыс серігін ғарышқа шығардық,-деп атап өтті үкімет басшысы.

2005-2007 жылдарға арналған ҚР ғарышты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы жоспары туралы ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда сегіз бағытта жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл қазақстандық «Kaz Sat -2», «Kaz Sat-3» топтарындағы серіктер, жерді қашықтықтан зерттеу жөніндегі спутниктік жүйесі, Қазақстанның ресейлік «Глонасс» ғаламдық навигациялық жүйеге қатысуы, «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені туралы жобалар, «Есіл» авиация ғарыштық кешені. Заңдар мен нормативтік база жасалып, бірқатар үкіметаралық келісімдер мен қаулылар қабылданды.

Үкімет басшысының назарынан кадр мәселесі де тыс қалмады. Білім және ғылым министрлігіні ұсынған мәліметтер бойынша, қазіргі кезде ғарыш мамандықтары бойынша 184 адам кәсіби деңгейін көтеру үстінде. Үкімет басшысы қазіргі кезде Ресей жағы ұсынған 600 маманның бірнеше жыл аралығында 30 пайызын отандық мамандар ауыстыруы қажет деген мақсат қойды. Д.Ахметов тиісті министрліктерге «мамандарды алмастыру есебін шығару туралы» тапсырма жүктеді.

Кеңес қорытындасында премьер министр бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ғылым және ғарыш комитетіне ресейлік мамандармен бірлесіп ғылыми зерттеулер туралы байланыс жасау жүктелді. Ғарыш инфрақұрылымының сапасын жетілдіру, бұл ретте Сарышаған ғарыштық станциясын қайта жөндеуге баса назар аударылды. «ДЗЗ-1», «ДЗЗ-3″ спутниктеріне келсек, бізге олардың жоғары өткізгіш қабілеттері маңызды. Ол бір метрге дейін болуы шарт»,-деді Д.Ахметов.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне премьер министр » KazSat-1″ спутнигіне қатысты бағдарлама жасауды жүктеді. Д.Ахметов мемлекеттік компаниялардың барлығы өзіміздің отандық жер серігін қолдануылары қажет деп баса айтты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта