Жиынға қатысушылар ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің энергетика, электр қуатының біртұтас нарығын қалыптастыру, ынтымақтастықтың құқықтық базасының аясын кеңейту, қоғамдастық елдерінің гидроэнергетикалық әлеуметін тиімді пайдалану салаларында одан әрі интегарциялануы туралы мәселелерді қарайды.
«ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің отын-энергетикалық әлеуетін пайдалану тиімділігі мен энергиямен тұрақты қамтамасыз етілуіне жағдай жасау- энергетика саласындағы ынтымақтастықтың басты бағыты»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Кеңес жұмысына ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасары Серік Пірімбетов, ЕурАзЭҚ жанындағы Қазақстан мен Ресейдің тұрақты өкілдері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Энергетикалық саясат жөніндегі кеңес біртұтас энергетикалық рынок қалыптастыру үшін 2001-жылы құрылған. Кеңес құрамына энергетиканы басқару органдарының жетекшілері мен ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің ірі энергетикалық компанияларының жетекшілері қатысады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жұмада Алматыда Сырдария мен Амудария бассейндеріндегі су-энергетикалық реттеудің келісілген механизмдерін дәйектеу мәселелері жөніндегі ЕурАзЭҚ-тың жанындағы жоғары деңгейлі топтың үшінші отырысы да өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті