— Бұл күндері біз еліміз Тәуелсіздігінің 15-жылдығын атап отырмыз. Мен бүгінде Қазақстан қол жеткізген жетістіктерді, елімізді күллі әлемнің мойындауын қоғамдағы тұрақтылықтың, қазақстандықтардың биік төзімділігінің және біздің азаматтарымыздың ерен еңбегінің арқасында деп білемін. Осыған орай мен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қалыптасқан дәстүрге сәйкес мыңға жуық біздің азаматтарымызды мемлекеттің жоғары наградаларымен марапаттадым. Бұл жоғары бағаға Сіздердің өздеріңізге сеніп тапсырылған салаларда ерен еңбектеріңізбен үн қататындарыңызға берік сенім білдіремін, — деді Нұрсұлтан Назарбаев марапатталғандарға.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті