— Біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 15-жылдық мерекесін атап өткелі отырмыз. Қалыптасқан дәстүр бойынша біз осындай айтулы мерекелердің алдында елімізге еңбек сіңірген, қызметінде үздік танылған азаматтарымызды марапаттап отырамыз. Сіздердің алдағы уақытта да біздің мемлекетіміз бен халқымыздың игілігі жолында адал қызмет ететіндеріңізге сенемін, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы әскерилерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оларға біздің Отанымыздың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту ісінде табыстарға жете берулеріне тілек білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті