Республика үкімет басшысы 2006-жылдың аяғына дейін Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд. долларға жетеді деген сенімде (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы 2006-жылдың аяғына дейін Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд. долларға жетеді деген сенімде (толықтырылған нұсқа)

Республика үкімет басшысы 2006-жылдың аяғына дейін Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд. долларға жетеді деген сенімде (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today. Республика үкімет басшысы Даниал Ахметов 2006-жылдың аяғына дейін Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд. долларға жетеді деген сенімде. Бұл туралы ол бүгін Украина үкімет басшысы Виктор Януковичпен екі жақты келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Бір жарым миллиардтық көрсеткішке биыл қол жеткіземіз деп сенемін»,- деді Д.Ахметов. Өз кезегінде В.Янукович «қазіргі тауар айналымының көлемі де жаман емес, дейтұрғанмен, оны арттыруға мүмкіндік мол» деген пікірге қосылды.

«Меніңше, Қазақстан президентінің Украинаға сапары қарсаңында екі елдің экономикалық мүдделерін қарқынды ілгерілетуге мейлінше қолайлы тұғырнама қалыптасады және ол жыл өткен сайын өсе түспек»,- деді Д.Ахметов. «Украинадағы Қазақстан жылы ойдағыдай экономикалық нәтижемен аяқталады деп ойлаймын»,- деді ол.

Қазақстан үкімет басшысы сонымен қатар бүгінгі келіссөздер барысында энергетика, көлік және коммуникация салаларындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ, «ғарыш кеңістігін игеру саласы мен атом энергетикасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері» талқыланды, деді.

В.Януковичтің пікірінше, «Украинада Қазақстан жылы мәртебесіне ие болған 2007-жыл — екі ел қарым-қатынастындағы серпінді жыл болмақ».

Сонымен бірге оның айтуынша, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенімен дәстүрлі байланыстағы Украина «осы елдің аталмыш саласын ауылшаруашылығы және өңдеу техникасымен қамтаамсыз етуде бірлескен саясат жүргізуден мүдделі».

ҚР СІМ-нің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 2006-жылдың қаңтар — қазан айларында 1,5 млрд. долларды құраса, экспорт — $446,9 млн., импорт — $802,8 млн. болды.

2005-жылы тауар айналымы 1 ,045 млрд. доллар, ал экспорт — $200,4 млн., импорт — $845 млн. болған.

Қазақстанның Украинаға шығаратын экспорттық тауарлары арасында минералды өнімдер — 44,2%, соның ішінде отын-энергетикалық өнімдер — 33,3%, сондай-ақ, металдар мен олардан жасалған өнімдер — 38% құрайды. Украинадан Қазақстанға негізінен машиналар мен жабдықтар — 38,8%, металдар мен одан жасалған өнімдер — 34,7%, өсімдік және жануар текті өнімдер, дайын азық-түлік өнімдері — 11% құрайды.

Қазақстан импортының бір ерекшелігі, жалпы тауар айналымының 30 процентін қара металл өнімдері иемденеді. Жабдықтар импорты құрылымында реактор қазандықтары, механикалық және электр машианалар, аудио және бейнежазба аппаратуралары басым үлеске ие.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтерінше, Қазақстаннан Украинаға салынған жалпы инвестиция көлемі 2006-жылдың 30-маусымындағы жағдаймен 70,4 млн. долларды, соның ішінде тікелей инвестициялар 3,9 млн. долларды, портфельді инвестициялар 1 млн. долларды, басқа да инвестициялар 65,5 млн. долларды құрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта