Қазақстан президенті Иранға сапармен барады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Иранға сапармен барады

Қазақстан президенті Иранға сапармен барады

АСТАНА. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иранға сапармен барады. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өзінің Ирандық әріптесі Манучехр Моттакимен кездесу қорытындысы бойынша өткізілген брифингте хабарлады.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 325
Фото - Caravan.kz

«Біз президент Н.Назарбаевтың Тегеранға сапарына дайындық жөнінде келісімге келдік»,- деп атап өткен Қ.Тоқаев «бұл екі ел қарым-қатынасы тарихындағы айрықша маңызды оқиға» екеніне тоқталды.

«Біз ілгерілей беруге тиіспіз.. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі ойдағыдай. Осыдан бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 400 млн. доллар болса, қазір ол 1,5 млрд. долларға жетті»,- деді еліміздің СІМ.

«Каспийді қоршай орналасқан елдердің саммиті келесі жылы Тегеранда болуы мүмкін»,- деді Қ.Тоқаев.

М.Моттакимен кездесу аясында «аймақтағы ахуалға байланысты кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша» пікір алмасылды, деді дипломат. Ол сонымен қатар «екі жақ та халықаралық ахуалға қатысты мәселелер бойынша өзара ұқсас ұстанымда» деп атап өтті.

СІМ анықтамасына сәйкес, өзара екі жақты тауар айналымының көлемі өткен жыл қорытындысы бойынша $900 млн. 909,7 мың, соның ішінде экспорт — $886 млн. 118,3 мың, импорт — $14 млн. 791,5 мың болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта