«ӘКК құру барысында жиналған тәжірибені біз әзірленіп жатқан заң жобада қолданатын боламыз. Бұл құжат парламентке 2008 тапсырылады»,-деді З.Балиева.
Министрдің айтуынша, ӘКК ны мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен акционерлік қоғам ретінде құру туралы шешім қабылданған. «Қазіргі таңда акционердлік қоғам құру үшін қажетті заң негізі бар, сондықтанда ӘКК үшін арнайы заң әзірлеу ерте»,-деді ол.
Зағипа Балиева ӘКК құру мен оның қызметі туралы мәселе қазіргі кезде заң күшіндегі актімен реттеліп, соңынан заңға енгізілетін болады, дейді.
«ӘКК туралы заң тікелей әсер ететін заң болады, ол ӘКК құру және оның жұмысы процесінде жіберілген қателіктерді, жетіспеушіліктерді ескеретін болады»,-деп атап өтті министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті