«Бұл шешім Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар саласындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету, екі елдің шекаралас аумақтарында шекаралық сауда-саттықты дамыту мақсатымен қабылданды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Аухатты — Кен-Булун» орталығы Қазақстанның Жамбыл облысы Қордай ауданы мен Қырғызстанның Чуй облысы Ысық-Ата ауданының шекарасында, ал «Айша-биби — Чон-Капка» орталығы Қазақстанның Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мен Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданының шекарасында ашылады деп межеленген.
Орталықтардың қазақстандық және қырғызстандық бөліктерін салып игеру жұмыстарын екі елдің ұлттық заңнамаларына сәйкес анықталған мүдделі ұйымдар жүзеге асырады. Орталықтағы кез-келген шаруашылық жұмыстар сол мемлекеттің ұлттық заңнамасында қарастырылған талаптарға сәйкес іске асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті