«Біз Каспийдің айналасындағы мемлекеттер басшыларының саммитін Тегеранда 2007-жылдың бірінші тоқсанында өткізуді көздеп отырмыз»,- деді Иран СІМ.
«Біз Иран президентінің Қазақстан мемлекет басшысын осы саммитке шақырған шақыруын табыс еттік. Нұрсұлтан Назарбаев шақыруды қабыл алды және ол саммитке қатысады»,- деді М.Моттаки.
Еске сала кетейік, Каспий теңізін қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшыларының бірінші саммиті 2002-жылдың сәуір айында Ашхабадта өтті. Каспийдің айналасында Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті