Астана - Тәуелсіз Қазақстанның символына айналды - мемлекет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана - Тәуелсіз Қазақстанның символына айналды - мемлекет басшысы

Астана - Тәуелсіз Қазақстанның символына айналды - мемлекет басшысы

АСТАНА. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today. Астана тәуелсіз Қазақстанның символына айналды, деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында республика тәуелсіздігінің 15-жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

  • 15 Желтоқсан 2006
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Елдің жаңа Елордасы- Астана бойын тіктеп, жаңа Қазақстанның символына, мерейлі мақтанышына айналды. Дәл осы жерде, еліміздің жүрегінде мемлекетті дамыту стратегиясы жасалуда»,- деді мемлекет басшысы.

«Астана еліміздегі экономикалық өсімге серпін берді. Қалада құрылыс саласына 5 млрд. доллардан астам қаржы жұмсалды»,- деді мемлекет басшысы.

«Қазақстанның Елордасы — еліміздің тәуелсіздігінің салтанат құруының нышаны», деп атап өткен президент «барша қазақстандықтар өз елін, өз Астанасын мақтан тұтса», деген тілегін білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті