«Отандастырымыздың қол жеткізген ең үлкен жетістігі — Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптаса алуы болды»,- деді мемлекет басшысы. «Бағындырған ең басты биігіміз — гүлдену мұраты үшін ұлттардың ұйысуы болды. Біз бейбітшілік пен келісімді қорғай алдық. Елімізде тұрақтылық пен төзім сақталып қалды. Қазақстан 130-дан астам ұлт өкілдерінің Отанына айнала алды»,- деді Н.Назарбаев.
«Біз тәуелсіздік алған алғашқы сәттен бастап дамуды айқын бағдар етіп алдық. Ол мемлекет пен қоғамды біріктіріп, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге жұмылдыра жетеледі»,- деді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті