Қазақстан 15-20 жылда инновациялық жетекшілікке қол жеткізуге тиіс - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 15-20 жылда инновациялық жетекшілікке қол жеткізуге тиіс - президент

Қазақстан 15-20 жылда инновациялық жетекшілікке қол жеткізуге тиіс - президент

АСТАНА. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан 15-20 жылда инновациялық жетекшілікке қол жеткізуге тиіс,- деп мәлімдеді бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында республика тәуелсіздігінің 15-жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

  • 15 Желтоқсан 2006
  • 374
Фото - Caravan.kz

«Еліміз үшін ең басты қатер — ғаламдық экономикада технологиялық тұрғыда артта қалу мүмкіндігі болмақ. Сол себепті біз алдағы 15-20 жылда мемлекетіміздің стратегиялық императиві технологиялық жаңалықтарды енгізу мен инновациялық жетекшілікке қол жеткізу болып табылатынын жадымызда ұстауымыз қажет»,- деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

«Қазақстан мемлекет ретінде шекараның ашықтығы мен халықаралық өзара тәуелділік ахуалында жұмыс істеуге дайын болуға тиіс. Мемлекет ғаламдық экономикалық талаптарға бейімделуге тиіс, мемлекет қатаң бәсекелестікке дайындалуға тиіс, сондай-ақ, барған сайын күшейте түскен бәсекелестікті ескере отырып өзінің басты функциясы — ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасауды қамтамасыз етуге тиіс»,- деді ол.

«Бейнелей айтсақ, қазіргі Қазақстан — инновациялық Қазақстанға айналуға тиіс. Қазіргі экономикалық өсім ахуалында біз экономикамызды, мемлекеттік құрылымдарымыз бен инфрақұрылымымызды таяудағы 15-20 жылда қайта құрып үлгеруге тиіспіз»,- деді Н.Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта