Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысында орналасқан базарда 16-желтоқсан, сенбіде өрт шыққан. «Аула сыпырушыларға арналған қосалқы орын-жайда шыққан өрт артынан бутиктерге қарай ойысқан»,- деп хабарлайды ақпарат көзі.
Өрт салдарынан төрт бутик өртеніп кеткен. Алдын-ала шығын көлемі шамамен 100 мың долларға бағаланып отыр. Қазір тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті