«Есірткі саудасына байланысты қылмыстарды жасағаны үшін 8661 қылмыскер құрықталған, олардың 290-ы шетел азаматтары болып табылады»,- деді И.Добрышев.
Сонымен қатар, ол өткен кезеңдегі есірткі заттарын алу және сақтауға байланысты құқық бұзушылықтары үшін 2153 адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығын, олардың 107-сі кәмелеттік жасқа толмағандар екендігін айтып өтті. «Осы құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұл 6,4 млн. теңгеден асып түсті», -деп хабарлайды комитет қызметкерлері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті