Бұл анықтаманы тұңғыш рет 2005 жылы «MediaNet» Халықаралық журналистер орталығы шығарған болатын. Онда Қазақстанның 9 аймағындағы 144 қоғамдық ұйым туралы мәлімет жинақталған. Жаңарған нұсқада еліміздің 14 аймағында жұмыс жасап жатқан 640 қоғамдық ұйымдардың ең маңызды жобалары баяндалған. Сонымен қатар жинақта донорлар мен халықаралық институттар туралы да мәліметтер бар.
Анықтамада БАҚ ең өзекті мәселелер бойынша түсініктеме беруге дайын үкіметтік емес үйымдары сарапшыларының байланыс телефондары көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті