«Гуантанамо түрмесінде отырған еліміздің үш азаматы 16-желтоқсанда Алматыға арнаулы рейспен жеткізілді,- деп хабарлайды СІМ. — Әуежайда бұғаудан босатылғандарды туыстары қарсы алды».
«Олардың кінәсі дәлелденбеуге байланысты қамаудан босатылды. Қазақстан өкіметі де оларға сот жүзінде қандайбір шара қолданбайды»,- дейді сыртқы істер министрлігінің өкілі.
«Қазақстанның тағы бір азаматы Гуантанамода қалды. Оны босату жөніндегі келіссөздер жалғасып жатыр»,- дейді СІМ-дегілер.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Гуантанамодағы АҚШ әскери-теңіз базасында 2002-жылы Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы күштеріне қарсы шабуылдар кезінде АҚШ әскерилерінің қолына түскендер қамауда отыр. Осыдан бір жарым жыл бұрын базада әлемнің 40 елінен 600-дей адам, соның ішінде Қазақстанның төрт азаматы болған. АҚШ жағы оларға лаңкестікпен күрес аясында «қарсылас жағында әскери қақтығыстарға қатысушы» деген мәртебе берілген. Соған қарамастан, АҚШ өкіметі оларды әскери тұтқын деп тануға келіспей отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті