Мәжіліс "ҚР ішкі істер органдары туралы" заңға енгізілетін түзетулерді үкіметке қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "ҚР ішкі істер органдары туралы" заңға енгізілетін түзетулерді үкіметке қайтарды

Мәжіліс "ҚР ішкі істер органдары туралы" заңға енгізілетін түзетулерді үкіметке қайтарды

АСТАНА. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ҚР ішкі істер органдары туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қарап, оны үкіметке қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Желтоқсан 2006
  • 518
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын депутаттарға таныстырған еліміздің ішкі істер вице-министрі Қажымұрат Өскенбаевтың түсініктемесіне сәйкес, «құжаттың мақсаты — баспанасын ұстау мен коммуналдық төлемге қажетті шығындарына ақшалай өтемақы берілетін ішкі істер органдары қызметкерлерінің тізімін шектеу болып табылады». Атап айтсақ, ішкі істер органдарының шұғыл іздестіру, тергеу және саптағы құрылымдарының қызметкерлеріне ғана ақшалай өтемақы төлеу ұсынылған.

Алайда, депутаттар үкімет ұсынған нормалармен келіспей отыр. Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің пікірінше, «баспанасын ұстау мен коммуналдық төлемге қажетті шығындарына ақшалай өтемақы берілетін ішкі істер органдары қызметкерлерінің тізімін шектеу — олардың әлеуметтік ахуалының нашарлауына алып келеді». «Заң жобасының нормасымен енгізілетін өзгерістер әлеуметтік әділеттілікке, халықтың материалдық ахуалын жақсартуға бағытталған мемлекеттің мақсат-мұраттарына сай келмейді»,- делінген палатаның жалпы отырысында таратылған комитеттің қорытындысында.

«Жобаны қарау қорытындысы бойынша жұмыс тобы аталмыш заң жобасын үкіметке қайтаруға шешім қабылдады»,- делінген комитеттің қорытындысында.

Сонымен бірге мемлекеттік заңгерлік университет жүргізген ғылыми-құқықтық сараптамаға сәйкес, «ішкі істер органы қызметкерлерінің әлеуметтік ахуалын төтендету — өтемақыдан айрылған қызметкерлер тарапынан қызмет бабын пайдалану бағытындағы түрлі заң бұзушылықтардың көбеюіне алып келуі ықтимал».

Заң жобасын үкіметке кері қайтару жөніндегі жұмыс тобы мен комитеттің шешімін депуттар басым дауыспен қолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта