Мәжілістің заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында көрсетілгендей, «заң жобасы қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында жасалған».
Атап айтқанда, сотталғандарды тамақтану және коммуналдық тұрмыстық қызметке алынатын төлемдерден босату қарастырылған, себебі «олардың басым бөлігі жұмыс істемейді және аталған қаражатты қайтарып бере алмайды».
Комитеттің қорытындысында,»құрт ауруының алдын алу мақсатында түзету мекемелерінің әкімшілігі абақтыдан босатылатындарды және мерзімдерін өтеу барысында емделуден бас тартқандарды міндетті түрде құрт ауруынан емделуге жіберу үшін сотқа жүгінуге құзырлы болады»,-делінген.
Сонымен қатар, заң жобасына сәйкес, шартты мерзімнен бұрын босату институты жетілдіріледі. Нақтырақ айтсақ, заң жобасында жазасын өтеушіні шартты түрде мерзімнен бұрын босату негіздері мен оның тәртіптері айқындалған. Шартты түрде мерзімнен бұрын босатылғандарға мерзімі өтелмеген кезеңге белгіленетін кейбір міндеттемелерінің тізімі айқындалған.
Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің профилді комитетіне жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті