Сенат ақпараттандыру жөніндегі заң жобасына өз толықтыруларын енгізіп мәжіліске қайтарды (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат ақпараттандыру жөніндегі заң жобасына өз толықтыруларын енгізіп мәжіліске қайтарды (толықтырылған нұсқа)

Сенат ақпараттандыру жөніндегі заң жобасына өз толықтыруларын енгізіп мәжіліске қайтарды (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Ақпараттандыру жөніндегі" заң жобасын қарап, өз түзетулері мен толықтыруларын енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 21 Желтоқсан 2006
  • 368
Фото - Caravan.kz

Осы заң жобасы бойынша баяндама жасаған сенатор Рашид Ахметовтың айтуынша, сенаторлар «төленетін шлюз», » электронды ақпаратты ресурстардың мемлекеттік регистрі» түсініктемелерін айқындады. Сонымен қатар, заң жобасының ережелері Азаматтық кодекс пен заң техникаларының нормаларына сәйкестендірілді.

Жалпы алғанда заң жобасы ақпараттық құрылымды дамытуға, оның ішінде «электронды үкіметті», «электронды әкімдікті» жетілдіруге, сонымен қатар ақпараттандыру саласын вертикалды басқаруын нақтылауға бағытталған.

Осыған дейін хабарланғандай, заң жобасымен ақпараттандырудың құқықтық негізі бекітіледі, электронды ақапаратты ресурстарды және ақпарат жүйесін жасағанда, пайдаланғанда және қорғағанда туындайтын қоғамдық қарым-қатынас реттеледі.

Заң жобасы, «ақпарат жүйесі», «электронды үкімет», «электронды әкімдік», «ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор» сынды түсініктерді айқындайды.

Сонымен қатар, заң жобасы ақпараттандыру саласындағы үкіметтің, құзырлы органдардың, орталық және жергілікті атқару органдарының және ұлттық оператордың міндеттерін анықтайды.

Құжат «электронды үкімет» аясында мемлекеттік ақпарат жүйелерінің ықпалдасу тәртібін айқындап, заңды және жеке тұлғалардың электронды ресурстарды пайдалану құқықтарын белгілейді.

Бүгін сенаторлар бірінші оқылымда «Ақпараттандыру мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Кеден кодексіне, «Лицензиялау туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы», «Банкроттық туралы», «Азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі» «Халықты еңбекпен қамту туралы», «Жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару жөніндегі» заңдарға толықтырулар енгізіледі.

«Ақпараттандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне толықтырулар енгізу туралы» заң жобаны қарау барысында сенаторлар екінші оқылымда енгізілген редакциялық және айқындайтын түзетулерге байланысты құжатты мәжіліске қайтару туралы шешім қабылдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта