Павлодарда металл сынықтарының үйіндісінен артиллериялық снаряд табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда металл сынықтарының үйіндісінен артиллериялық снаряд табылды

Павлодарда металл сынықтарының үйіндісінен артиллериялық снаряд табылды

ПАВЛОДАР. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today. Павлодарда "Вторчермет" АҚ аумағындағы металл сынықтарының үйіндісінен артиллериялық снаряд табылды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне акционерлік қоғамнан.

  • 21 Желтоқсан 2006
  • 411
Фото - Caravan.kz

«Бүгін жұмысшылар тобы полигоннан әкелінуі ықтимал металл сынықтарын аршу барысыныда әскери артиллериялық снарядқа ұқсас зат тауып алды», — дейді агенттік ақпарат көзі.

Снаряд өте ептілікпен жарылу қаупі бар сынықтарға арналған арнайы орынға әкелінді. Сосын жұмысшылар шұғыл әрекет ету қызметін шақырған.

Олар снарядты қарап шықты. Олардың сөзіне сүйенсек, табылған зат бағытты әсер ететін, оқыту мақсатындағы снаряд болып табылады, диаметрі 120 мм-лік бұл оқ-дәрі жылжымалы артиллериялық құрылғыға арналған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта