Шығыс Қазақстан облысында жол полицейлері үздік инспектор атағын алуға жарысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында жол полицейлері үздік инспектор атағын алуға жарысуда

Шығыс Қазақстан облысында жол полицейлері үздік инспектор атағын алуға жарысуда

СЕМЕЙ. 21 -желтоқсан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында "Жол полициясының үздік инспекторы" атағына байқау жарияланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей қаласының ІІБ жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 22 Желтоқсан 2006
  • 523
Фото - Caravan.kz

Жарыс Семей қаласында өтеді. Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, оған облыстың жол полициясының саптағы құрылымдары, яғни Семей және Өскемен қалаларының батальондары қатыса алады. «Үздік» атағы үшін барлығы 24 полицей, яғни әрбір батальоннан 12 полицей сайысқа түспек.

Байқау бес кезеңнен тұрады. Бәсекеге қатысушылар жол қозғалысының ережелері бойынша білімін, автокөліктердің қозғалысын қолмен реттеудегі біліктіліктерін көрсетулері қажет. Сонымен қатар, денешынықтыру және ату дайындықтары мен автокөлікті мінсіз жүргізе білу деңгейі тексеріледі.

Сайыс 21-22 желтоқсан күндері өтеді. Оның қорытындысы Жаңа жыл алдында жарияланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта