Таразда су құбыры жарылып, қаланың басым бөлігі бір тәуліктен астам уақыт сусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда су құбыры жарылып, қаланың басым бөлігі бір тәуліктен астам уақыт сусыз қалды

Таразда су құбыры жарылып, қаланың басым бөлігі бір тәуліктен астам уақыт сусыз қалды

ТАРАЗ. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today. Таразда су құбыры жарылып, қаланың басым бөлігі бір тәуліктен астам уақыт сусыз қалды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 22 Желтоқсан 2006
  • 444
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметтері бойынша, суық су құбыры желтоқсанның 20-ы күні сағат 18-де Почтовая мен Саңырақ батыр көшелерінің қиылысында жарылған. Оның салдарынан он бір шағын ауданның барлығы сусыз қалған.

Оқиға орнына «Тараз-Су» апаттық жөндеу бригадасы барып, жағдайды реттеді. Пәтерлерде су келесі күні таңертең аға бастады.

Төтенше жағдайлар департаментіде Жамбыл облысында газбен қамтамасыз етуге байланысты шектеу әлі де бар деді.

Қыстың күні газды тұтыну сағатына 110 мың текше метр болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш сағатына 91,1 мыңды көрсетіп тұр,-деді департаменттігілер.

ҚР төтенше жағдайлар қызметтері түрлі апатты жағдайларға шұғыл әрекет етулері үшін күшейтілген тәртіпке көшірілді. «Облыс аумағындағы газдың шектелуімен байланысты түрлі төтенше жағдайлар мен апаттар тіркелмеген»,-деп жауап берді баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта