— Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязовтың мезгілсіз қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар қабырғамызды қайыстырып кетті.
Сапармұрат Атайұлы Отанының игілігі жолында еңбегі сіңген, түрікмен халқының көрнекті өкілі, көреген саясаткер болатын. Ол тәуелсіз Түрікменстанның мемлекеттілігін қалыптастыруда және нығайтуда, елдің экономикалық әлеуетін дамытуда шешуші роль атқарды.
Түрікменстанның тұңғыш президенті, қадірлі дос және дарынды басшысының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Осы қиын сәтте қазақстандықтар бауырлас түрікмен халқының қайғысына ортақтасады, — делінген жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті