Мемлекет басшысы "Отан" партиясының оныншы сьезіне қатысушыларға жолдау жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы "Отан" партиясының оныншы сьезіне қатысушыларға жолдау жіберді

Мемлекет басшысы "Отан" партиясының оныншы сьезіне қатысушыларға жолдау жіберді

АСТАНА. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық "Отан" саяси партиясының кезектен тыс оныншы сьезіне қатысушыларға жолдау жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Желтоқсан 2006
  • 413
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан өзінің жаңаша даму кезеңі — елімізді жаппай қамтитын модернизациялау кезеңіне ден қойды. Даму жолдарын іздеп шарқ ұрған, дағдарысты еңсеруге талпынған кезең келмеске кетті»,- деп атап өтті президент.

Еліміздің қазіргі даму кезеңінде реформаларды жүзеге асыруға қабілетті жасампаз саяси күштер қажет. Президенттің пайымдауынша, «Отан» партиясымен бірігуге ниет білдірген «Асар», Азаматтық және Аграрлық партиялар «өздерінің жауапты ұстанымыны паш етті». «Бірігу қоғамды демократияландыруға түрткі болмақ»,- деп пайымдайды президент.

«Отан» партиясы қазақстандықтардың мүддесін лайықты қорғай білуге тиіс»,- деді ол.

Республикалық «Отан» саяси партиясының кезектен тыс оныншы сьезі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында басталды. Сьезде Азаматтық және Аграрлық партиялардың «Отан» партиясына бірігу жөніндегі шешімі қаралады. Сонымен бірге партияның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралады. Сьезде «Отан» партиясының атауын өзгерту мәселесі де талқыланады деп күтілуде. Партияның басты форумына еліміздің шартарабынан 700 делегат шақырылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта