«Бірігудің басты қозғалтқыш күші мен орталығы ролін Қазақстан Республикасы президентінің саяси партиясы — «Отан» партиясы атқаруға тиіс»,- деді Б.Жұмағұлов.
Оның айтуынша, «партия «Асар» партиясымен бірігу арқылы нығая бастады. Бұл бірігуді қоғам оң қабақпен қарсы алды. Сауалнама қорытындысы бойынша бірігуді респонденттердің 70 проценті қолдады»,- деді ол.
«Бүгін Аграрлық және Азаматтық партиялар қосылды. Саяси сахнада жалпыұлттық партия пайда болды. Ол еліміздің басты қозғалтқыш күшіне айналып, толыққанды жауапкершілікті өзіне жүктеп алуға тиіс»,- деп мәлімдеді Б.Жұмағұлов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті