Алматыда көмірқышқыл газынан улану салдарынан бес адам ауруханаға жатқызылып, біреуі қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көмірқышқыл газынан улану салдарынан бес адам ауруханаға жатқызылып, біреуі қайтыс болды

Алматыда көмірқышқыл газынан улану салдарынан бес адам ауруханаға жатқызылып, біреуі қайтыс болды

АЛМАТЫ. 22-желтоқсан . Kazakhstan Today. Алматыда өткен тәулікте көмірқышқыл газынан улану салдарынан бес адам ауруханаға жатқызылып, біреуі қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Анастасия Малишич хабарлады.

  • 22 Желтоқсан 2006
  • 405
Фото - Caravan.kz

Мәселен, «Заря востока» ауылында бүгін таңертең улануға байланысты 18-25 жас аралығындағы төрт жігіт ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер жедел жәрдем ауруханасының токсикология бөліміне жеткізілді. Улану себептері қазір анықталуда.

Сонымен бірге бейсенбі күні таңертең Ачинская көшесінің бойындағы бір үйде көмірқышқыл газынан улану белгілерімен 44 жастағы ер адам табылды. Ол жедел жәрдем тобы келіп жеткенше жан тәслім етті. 81 жастағы әйел ауыр жағдайда токсикология бөліміне жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта