2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан төленетін зейнетақы көлемі көтеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан төленетін зейнетақы көлемі көтеріледі

2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан төленетін зейнетақы көлемі көтеріледі

АСТАНА. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан (МЗТО) төленетін зейнетақы көлемі көтеріледі. Қаулыға Қазақстанның премьер-министрі Даниал Ахметов қол қойды.

  • 22 Желтоқсан 2006
  • 438
Фото - Caravan.kz

«2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан төленетін 2007 жылдың 1-қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы көлемі, соның ішінде әскери қызметкерлердің, ішкі істер органдары мен ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің, қаржы полициясының органдары мен өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақы көлемі 8 пайызға көтерілсін», — деп көрсетілген мәтіні ресми БАҚ-да жарияланған қаулыда.

Сондай-ақ, құжатта арнайы атақ берілген және де ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін бекітілген тәртіпке бағынатын әскери қызметкерлердің, ішкі істер органдары мен ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің, қаржы полициясының органдары мен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған айлық зейнетақы төлемінің көлемі «2007-жылғы республикалық бюджет туралы заңда қарастырылғанындай, 75 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек», деп көрсетілген.

2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап республикада айлық есептік көрсеткіш 1092 теңгені құрайтындығын естеріңізге сала кетеміз.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта