ҚР ҰҚК 2006 жылы басқа елдердің аумағында жасаған қылмыстары үшін ТМД елдеріне 14 адамды экстрадициялады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК 2006 жылы басқа елдердің аумағында  жасаған қылмыстары үшін ТМД елдеріне 14 адамды экстрадициялады

ҚР ҰҚК 2006 жылы басқа елдердің аумағында жасаған қылмыстары үшін ТМД елдеріне 14 адамды экстрадициялады

АСТАНА. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2006 жылы басқа елдердің аумағында жасаған қылмыстары үшін республикамыздан ТМД елдеріне 14 адамды экстрадициялады. Бұл туралы Астанада өткен бүгінгі баспасөз мәслихатында ҰҚК-нің ресми өкілі Кенжеболат Бекназаров құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Желтоқсан 2006
  • 363
Фото - Caravan.kz

К. Бекназаровтың ақпаратына сүйенсек, Ресей Федерациясына өз аумағында ауыр қылмыстар жасаған 10 адам айдалды, оның бесеуі Солтүстік Кавказ аумағындағы заңсыз қарулы жасақтардың белсенді мүшелері (үшеуі араб жалдамалысы Абу-Дзейт басқарған «Халифат» бандылар тобының мүшесі) болып табылады, ал қалған бесеуі банды жасақтарын қаржыландаруға қатысты деп айыпталғандар.

Сонымен қатар, Өзбекстанға лаңкестік әрекеттер жасаған, қасақана адам өлтірген, қылмыстық топтар мен діни-экстремистік әрекеттер ұйымдастырған үш адам экстрадицияланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта