«Әйелдер моральдық шығынның қайтарылуын талап етеді және оны 7 млн. теңгеге (әрқайсысы) бағалап отыр», — деді адвокат.
Е. Танковтың сөзіне сүйенсек, әзірге 17 жесір ғана шағым жазған, «бірақ, олардың саны әлі де көбеюі мүмкін». Сонымен қатар, адвокат шағым-талаптардың екі топқа бөлінетінін айтып өтті. «Біреуі 15 жесірден, ал екіншісі екі жесірдің арыздарынан тұрады, яғни Қыздарбекова мен Кныш. Олар өз күйеулерін екі рет жерлеуге мәжбүр болды», — деді құқық қорғаушы.
«Сотта істің келесі жылдың қаңтар айынан бастап қаралатындығы айтылды», — деді ол.
Бұрын хабарлағанымыздай, 2006 жылдың 20 қыркүйегінде Ленин атындағы шахтадағы жарылыс салдарынан 41 кенші қаза болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті