Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тонау қылмысын тергеу барысында кісі өлімінің беті ашылған. «Ауди» маркалы автокөлігінің тоналу дерегіне қатысты Теміртаудың 22 жастағы тұрғыны ұсталған. Тергеу кезінде жас жігіт ағымдағы жылдың қазан айынан бері үш адамды өлтіргенін мойындады»,-дейді полиция қызметкерлері.
Белгілі болғандай, 20 қазанда түнде болған отырыста 22 жастағы теміртаулық жігіт пен онымен бірге тұрған 20 жастағы бойжеткен арасында жанжал шыққан, соның салдарынан ол қызға қол жұмсапты. Полицейлердің айтуынша, «соққының қатты болғаны соншалықты, бойжеткен дуалға соқтығысып, сол жерде көз жұмған». Күдікті 30 жастағы ағасымен бірігіп, қыздың мәйітін кәріз коллекторына лақтырып жіберген.
Осы оқиғадан біраз күннен кейін ағалы інілі өзара жанжалдасып, інісі ағасының тамағына ұйықтататын дәрінің қырық данасын қосып берген. Онысымен қоймай, ол ағасының басынан монтировкамен ұрған. Туысының мәйітін ол бір апта ваннасында сақтап, сосын жіліктеп орманға алып барып тастаған.
Тағы бір қанды оқиға 12 желтоқсанда болды. 22 жастағы теміртаулық өзінің 18 жастағы танысын өлтіріп, мәйітін әлі құрылысы бітпеген гаражға жасырып қойған.
Қазіргі кезде күдікті Теміртаудағы тергеу абақтысына тоғытылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті