Семейде мұз қалашық салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде мұз қалашық салына бастады

Семейде мұз қалашық салына бастады

СЕМЕЙ. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін Семейдің орталық саябағында мұз қалашық салына бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне Семей әкімшілігінің жанындағы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Игорь Панин.

  • 25 Желтоқсан 2006
  • 610
Фото - Caravan.kz

И. Панин мұздың болмауына байланысты, қалашық салудың бірнеше рет кейінге қалдырылғанын атап өтті. «Мұзды табуға өрт сөндіру қызметкерлері көмектесті. Өртпен күресушілер қаланың барлық сутоғандарын аралап, Затон ауданында кішкентай сутоғанын тапқан. Ондағы мұз айтарлықтай қалың және мұз қалашық тұрғызуға жарап тұр», — деді әкімшілік қызметкері.

Оның ақпаратына сүйенсек мұз қалашығын салу үшін 3 мыңнан астам мұз кірпіш керек. «Қазір өрт сөндірушілер арамен мұзды кесуде, кірпіштердің көп бөлігі саябаққа әкелінген. Енді суретшілер Аяз Атаның, Ақшақардың, сонымен қатар, өткен жыл мен келер жылдың символдары ит пен қабанның мұз пішінін жасайды», — деді ол.

«Біз мұз қалашығын салу жұмыстарын 29 желтоқсанда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осы мерізімге үлгеру үшін, адамдар түнде де жұмыс істейді, ал саябақта оларға арналып прожекторлар орнатылды», — деді ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

И. Паниннің мәліметтеріне сүйенсек, мұз қалашық пайдалануға берілгеннен кейін оны 17-ден 8 сағатқа дейін тәртіп сақшылары күзетеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта