Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Елдос Мырзақожаевтың сөзіне сүйенсек, 10 сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты қылмыстық істің бесеуі пара алу, екі дерек мемлекеттік қаржыны талан-таражыға салу, бір жалған құжатты пайдалану, полицейлердің контрабандалық жүкке ілесіп жүруі және алаяқтық деректері бойынша қозғалған.
Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 2006 жылы 156 қызметтік тергеу жұмыстарын жүргізген. 155 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылған, олардың 14 жетекші құрам қызметкерлері. Әкімшілік жауапкершіллке 64 полицей тартылған. Жағымсыз қылықтары үшін 13 қызметкер, соның ішінде сегіз адам автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін жұмысынан босатылған.
Шағымдар көп түсуіне байланысты облыстық ІІД үш бөлімшесіне қызметтік тексерулер жиі жүргізілді, яғни Тараз қаласының № 2 полиция бөлімі (шағым бойынша 22 тексеру), Жамбыл ОІІО (11 тексеру), жол полициясының басқармасы (16 тексеру).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті