Ішкі жалпы өнімнің көлемі 76 миллиард доллардан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі жалпы өнімнің көлемі 76 миллиард доллардан асты

Ішкі жалпы өнімнің көлемі 76 миллиард доллардан асты

АСТАНА. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Ішкі жалпы өнімнің көлемі 76 миллиард доллардан асты. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауынан кейін өткен баспасөз мәслихатында экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.

  • 25 Желтоқсан 2006
  • 428
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында министр Елбасына еліміздің 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының бастапқы қорытындылары туралы баяндап берді.

«Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары орындалды. Ішкі жалпы өнімнің көлемі 76 миллиард доллардан асты. Ал жан басына шаққанда бұл көрсеткіш 5100 долларды құрайды»,- деді минитср.

«Құрылыс, қызмет көрсету салалары жоғары қарқынмен дамып отыр. Халықтың нақты табысы өсті, жұмыссыздық қысқарды», — деді А.Мусин журналистерге арналған брифингте.

Мемлекет басшысы министрліктің алдына келесі жылға арналған жаңа міндеттер қойды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта