Қарағанды облысындағы бір қала басшысының орынбасары қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысындағы бір қала басшысының орынбасары қамауға алынды

Қарағанды облысындағы бір қала басшысының орынбасары қамауға алынды

ҚАРАҒАНДЫ. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысының Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары Марат Байжабағин қамауға алынып, үй тұтқынында отыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қарағанды облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі департаменттен хабарлады.

  • 26 Желтоқсан 2006
  • 384
Фото - Caravan.kz

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, Сәтпаев қаласының кәсіпкері өзінен М. Байжабағиннің дүкен ғимаратының бір бөлігін қайта жабдықтауға рұқсат қағазын беру үшін 20 мың көлемінде пара талап еткенін хабарлаған. Қаржы полициясының қызметкерлері кәсіпкерді белгі соғылған ақшамен әкімнің орынбасарына кездесуге жіберген. М. Байжабағин жұмыс бөлмесінде пара алу үстінде ұсталды.

«Бастапқыда әкімнің орынбасары үш күнге тұтқындалып, Жезқазған қалалық ІІБ уақытша тергеу абақтысына қамалған болатын. Қазіргі уақытта шара үй тұтқынына ауыстырылды, ҚР ҚК 311 бабы, 3-тармақшасын бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлайды облыстың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Айнұр Махаева.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта